Демалысқа ата-анасымен бірге барған: Ақтөбеде бала өзенге батып кетті

Автор: Алмас Ерсін

Мәйіт жағадан 5 метр жерден табылды

Фото: pixabay

Ақтөбе облысында жас бала Елек өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиға 18 мамырда Електегі «Семейный» демалыс базасында болғанын хабарлады. 5 жасар бала отбасылық демалыста ересектермен бірге болған.

«Сүңгуірлер баланың денесін 2 метр тереңдіктен алып шықты», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар баланың мәйітін жағадан 5 метр жерден тапқан. 

Еске сала кетейік, Жетісу облысында Көксу өзенінің үстінен темір арқанмен өтпек болған әскери қызметкер суға кетті. Оның мәйіті оқиға болған жерден 15 шақырым жерден табылып, жағаға шығарылды.