Алматыдағы өзен жағасында фотосессияға түске оқушы өліп қала жаздады

Автор: Бақыт Шынар

Мұғалім 18 баланы фотосессияға алып барған екен 

Фото: instagram.com/109_almaty

Алматының Бостандық ауданында Проходное шатқалының жағасына келіп фотосессия жасаған 18 оқушының біреуі суға ағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Алматының құтқару қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 9-сынып оқушысы 15:35-те аяғы тайып, өзенге құлап кеткен.

«Шамамен 15:56-да құтқарушылар қызды 500 метр жерден тауып, алып шықты. Қыз есін жоғалтпаған. Құтқарушылар алғашқы көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деп хабарлайды құтқару қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, 9-сыныпты тәмамдап жатқан 18 оқушы ұстаздарымен бірге табиғат аясында фотосессия жасауға шыққан.