$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Гарвард енді шетелдік студенттерді қабылдамайды - Трамптың жаңа бұйрығы шықты

Былтыр Гарвардта шамамен 7000 шетелдік студент білім алған

Гарвард енді шетелдік студенттерді қабылдамайды - Трамптың жаңа бұйрығы шықты
Фото: Reuters

Трамп әкімшілігі Гарвард университетін шетелдік студенттерді оқуға қабылдау құқығынан айырды. Бұл туралы АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасай отырып. 

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға рұқсат беретін сертификатын жоюға бұйрық берді. АҚШ-та оқығысы келетін шетелдік азаматтарға арнайы F немесе M визасы керек. Бірақ мұндай визаны тек арнайы рұқсаты бар оқу орындары ғана бере алады.

Құжатынан айырылған Гарвард енді шетелдік студенттерді оқуға қабылдай алмайды. Қазірдің өзінде Гарвардта оқып жатқан шетелдік студенттер басқа университетке ауысуға мәжбүр болмақ, өйткені АҚШ-та жүру құқығынан айырылады.

Университет деректеріне сәйкес, өткен оқу жылында Гарвардта шамамен 7000 шетелдік студент білім алған, бұл барлық студенттердің 27,2%-на тең.

«Президент әкімшілігі Гарвардты зорлық-зомбылықты, антисемитизмді қоздыруға және Қытай Коммунистік партиясымен байланыс орнатуға себепкер деп есептейді», - деді Кристи Ноэм.

Ол сондай-ақ университет оқу ақысын жоғары қойып, пайда көріп отырғанын атап өтті.

Гарвард бұл шешімді заңсыз деп атап, ресми мәлімдеме жасады.

«Біз Гарвардтың 140-тан астам елден келген халықаралық студенттер мен ғалымдарды қабылдау мүмкіндігін сақтау үшін күш саламыз. Олар университетті, елді баға жетпей деңгейге көтереді», - делінген мәлімдемеде.

Сәуір айының ортасында АҚШ Білім министрлігі Гарвардқа арналған федералдық гранттарды тоқтататынын мәлімдеді. Бұған университеттің ведомство талаптарын, соның ішінде «студенттер мен қызметкерлердің көзқарастарын» тексеруді талап еткен аудитті орындаудан бас тартуы себеп болды.

Атап айтқанда, университеттен АҚШ-тың құндылықтары мен институттарына дұшпандық көзқарастағы шетелдік студенттерді қабылдамауды қамтамасыз ететін жүйе әзірлеу және антисемитизм мен өшпенділіктің басқа түрлерінде байқалған бағдарламаларды тексеру талап етілді.

Университет бұл талаптарды орындаудан бас тартқаннан кейін, Трамп Гарвардты арнайы салық мәртебесінен және шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айыратынын айтып, қорқытты.

Гарвард университеті әкімшілікке қарсы сотқа шағым түсіріп, қаржыландыруды қалпына келтіруді талап етті.

Серіктес жаңалықтары