$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда мыңдаған көлік заңсыз тіркелген: 70 адамның қалай «жұмыс істегені» анықталды

Мемлекетке 11,8 млрд теңге зиян келген

Қазақстанда мыңдаған көлік заңсыз тіркелген: 70 адамның қалай «жұмыс істегені» анықталды
Фото: скриншот

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, соңғы үш жылда 88 қылмыстық іс тергеліп, 1 800-ден астам көлік заңсыз тіркелгені анықталған. Бұл әрекеттердің салдарынан мемлекетке 11,8 млрд теңге көлемінде залал келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында 70 күдікті анықталды. Олардың қатарында әкімшілік полицияның басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері және бірқатар нотариустар бар.

Мемлекетке қайтарылған қаражат пен тәркіленген мүлік:

  • 900 млн теңге көлемінде алым өндіріп алынды;
  • Құны 31 млрд теңге болатын 1500 автокөлікке тыйым салынды;
  • Күдіктілерге тиесілі 968 млн теңгенің мүлкі бұғатталды.

Ақмола облысындағы қылмыстық іс

2020–2022 жылдары 55 жүк көлігін заңсыз тіркеген топтың әрекетінен мемлекетке 401 млн теңге залал келді. Сот үкімімен ұйымдасқан топ мүшелері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар:

  • Мемлекетке 125 млн теңгенің үш пәтері мен бір тұрғын үйі тәркіленді;
  • 21 млн теңге көлеміндегі қолма-қол қаражат та қайтарылды.
Серіктес жаңалықтары