Америкада Израильдің дипломаттарын атып кетті
Қаза тапқандар үйленгелі жүрген қалыңдық пен жігіт екен

Израиль дипломаттарын АҚШ-та атып кетті. Ресми органдардың хабарлауынша, Палестинаға қолдау білдіріп, ұрандатқан жалғыз күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті елшілікте істеген Ярон Лищинский мен Сара Линн Милгрим алдағы уақытта үйленуге ниет етіп жүрген ғашықтар болып шықты. Оларды Ақ үйге жақын Вашингтонның орталығындағы еврей мұражайынан шыққан кезде атып өлтірді.
Вашингтон қаласының полиция бастығы Памела Смиттің айтуынша, күдікті мұражай маңын торуылдап жүріп, 4 адамға оқ жаудырған. 30 жастағы Чикаго тұрғыны Элиас Родригес ұсталғаннан кейін, «Палестинаға бостандық» деп айғайлаған.
Ол сондай-ақ күдікті бұрын сотты болмаған.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху: «Біз Израильге қарсы жала жапқан және еврейлерге қарсы жеккөрініш тудыратын үгіт-насихатты көріп отырмыз, бұл өте қауіпті», - деп атап өтіп, «мұндай әрекеттермен күресу керек», - деді.
Оның айтуынша, Израиль елшіліктерінде әлем бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады.