Алматы облысында екі адам өлтірген қылмыскер ұсталды

Ол – үш жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы

Алматы облысында екі адам өлтірген қылмыскер ұсталды
фото: polisia.kz

Алматы облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстан Республикасының халықаралық іздеуде жүрген, 2016 жылдың тамыз айында Алматы облысының орталығында болған екі кісі өлімі дерегіне кінәлі деп айыпталған 35 жастағы азаматын ұстады.

Талдықорған қалалық сотының тергеу судьясы 2016 жылдың 11 қазанында ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне (Екi немесе одан көп адамды өлтіру) сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша күзетпен ұстау түріндегі қаулыны санкциялаған.

Қауіпті қылмыскерді іздеу үш жылдан астам уақыт бойы жүргізілген, себебі іздеу салынған азаматтың тұрғылықты жері мен жұмыс орнын бірнеше рет ауыстыруы салдарынан күдіктінің тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған және ол есепке тұрудан жалтарған. Екі облыстың жедел уәкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде қолға түскен күдікті шетел азаматы аса ауыр қылмыс бойынша сот алдында жауапқа тартылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.