«Жүргізуші тіл тартпай кеткен»: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Автор: Алмас Ерсін

Автобус пен тіркемесі бар жүк көлігі соқтығысты

Фото: ru.freepik.com

Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Диапазонға" сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше жол апаты 9 мамырда Самара-Шымкент тас жолында Көрпе ауылының маңында болған.

"Автобус тіркемесі бар жүк көлігіне соқтығысты. Салдарынан автобус жүргізушісі сол мезетте көз жұмды. Оқиға кезінде автобуста 6 жолаушы болған. Жолаушылардың жағдайы туралы ақпарат анықталып жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция оқиғаның мән-жайы анықтауға кірісті.