Осылайша, облыстағы су қоймалары 328 млн текше метр су жинады
Көктемгі су тасқын кезінде Қарағанды облысындағы Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары 100% суға толды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Самарқанд су қоймасы болса 87%-ға толған.
«Өңірдің су қоймалары 328 млн текше метр су жинады. Қазір «ҚазСуШар»-дың Қарағанды филиалы суару кезеңіне дайындалып жатыр. Су алғысы келетін шаруалар мен ауыл шаруашылығын өндіретін кәсіпорындардан өтініш қабылдап, келісімшарт жасасып жатырмыз», - деп хабарлайды министрлік.
Бұдан өзге аймақтағы су арналары қоқыстан тазарып, су есептеу құрылғылары орнатылып жатыр.