06.05.2025, 15:30
Оқиғалар
Енді көлік жүргізіп келе жатып, телефон қарағандарды дрондар түсіріп алады
Ұялы телефон пайдаланған 140 адам анықталды
Фото: istockphoto.com
Түркістанда жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер дрондар көмегімен анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан-Кентау бағытындағы автожолда тыйым салынған жерде қарсы бағытқа шыққан екі көлікті дрон тіркеген. Сондай-ақ қауіпті маневр жасаған Toyota және Hyundai көліктерінің жүргізушілері де құрылғы көмегімен анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданған. Екі жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Жалпы алғанда, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша -10, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған -140, тыйым салынған орынға тоқтаған - 80 жүргізушіні дрондар анықтап берді.
Көп оқылған
25.07.2026, 07:31
Аптап ыстық пен найзағай: 25 шілдеде ауа райы қандай болады?
25.07.2026, 13:08
Қарағандыда Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі шықты
25.07.2026, 17:40
Көкшетауда құтқарушылар үйде қамалып қалған үш жасар баланы құтқарды
25.07.2026, 17:01
Қостанайлық азамат алаяқтарға 20 млн теңгесін бере жаздады
25.07.2026, 06:23
Ұлытау облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды