Астана әкімдігі маса мен шыбын-ширкейді қалай улап жатқанын көрсетті (ВИДЕО)
Жалпы бір ай ішінде әкімдік 3,2 мың гектар аумақты дезинсекциялайды

Астана әкімдігі 1 мамыр мен 1 маусым аралығында 3,2 мың гектарды маса мен шыбын-ширкейден улайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, дезинсекция сәуір-қазан аралығында 15 күн сайын 6 турдан өтеді.
«23 сәуірден бастап бірінші тур бойынша өңдеу басталды. Бұл жұмыс барысында кіші Талдыкөл, таяз су айдындары мен батпақты учаскелер, сондай-ақ айналма жол бойындағы орындар өңделді. Барлығы 500 гектар аумақтағы жерлерге у шашылды», - деп хабарлайды әкімдік.
Дезинсекция қызметі 14-30 сәуір аралығында 30 мыңға жуық үйді аралап шыққан.
«1 мамырдан 1 маусымға дейін 3 264 гектар аумақтағы саябақтар, өзен маңы, су айдындары, каналдар мен зираттарды қоса алғанда, ашық орындарға у шашылады», - деп хабарлайды әкімдік.