Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Қостанай облысы Лисаковск қаласының маңындағы саяжайда өрт шығып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 35 шаршы метр аумақты шарпыған өртті бір жарым сағат ішінде сөндірді. Күлдің арасынан үш адамның: 1955 жылы туған әйел, оның 36 жастағы ұлы мен немересінің денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Болжам бойынша, саяжайдың өртенуіне өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтамалмауы себеп болуы мүмкін.