Абай облысындағы түрмеде сотталған адам жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Автор: Темірхан Айжан

Мұны туралы облыстық полиция департаменті растады

Фото: istockphoto.com

Абай облысындағы №20 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода марқұмның денесінде көптеген жарақат іздері болғаны көрінеді.

Полиция болған оқиғаға қатысты қылмыстық істі қозғады.

«Қылмыс жасады деген күдікпен бір адам ұсталып, мекеменің тәртіптік изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.