Кәмелетке толмаған бауырларына аға-әпкелерінің алимент төлеуі бойынша 10 шақты іс қаралған
Биыл 3 айдың ішінде 300 302 алимент өндіруге қатысты атқарушылық іс сот орындаушылардың қарауында болды. Оның ішінде 601 іс балаларының қартайған ата-аналарына алимент төлеуі бойынша шешілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың алғашқы төрт айында ата-анасына немесе еңбекке жарамсыз туыстарына алимент төлеп отырған азаматтар саны өткен жылмен салыстырғанда азайған. Мәжбүрлеп орындату комитетінің ресми жауабында, 2024 жылы сот орындаушылардың өндірісінде ата-анасына алимент өндіруге қатысты 727 іс тіркелсе, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұндай істер саны 601-ге төмендеген.
2023 жылдың қорытындысы бойынша, ата-анасына алимент төлеуге 804 ересек, 2022 жылы 870 адам заңмен міндеттелген.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған бауырларын күтіп-бағу үшін алимент төлеп отырған ағалар мен әпкелерге қатысты істер де тіркелген. 2024 жылы 11 іс, ал 2025 жылдың алғашқы төрт айында 10 іс болған.
Алимент өндіру бойынша 5 043 атқарушылық іс жүргізу уақытша тоқтатылған. Бұл істердің бір бөлігі борышкерлерге іздеу жариялануына байланысты, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 42-бабының 14-тармағына сәйкес тоқтатылған.
Мұндай істердің уақытша тоқтатылуы алимент өндірісінің орындалу мерзіміне әсер етуі мүмкін. Тиісті органдар борышкерлерді іздестіру және алимент төлеу міндеттерін орындау бойынша шараларды жалғастырып жатыр.