28.04.2025, 17:57
Оқиғалар
Алматыда автобус троллейбусқа соғылып, ондаған адам зардап шекті
Оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған
Фото: © istockphoto.com
Бостандық ауданында Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында көлік апаты болып, 13 адам жарақат алды. №25 бағыттағы автобус аялдамада тұрған №19 троллейбусқа барып соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі Абай даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, жолаушыларды түсіріп жатқан троллейбусты байқамай қалған. Салдарынан қоғамдық көлікке соққан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетілген. Полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
30.10.2026, 10:04
Жол – елді жалғайтын күретамыр, ал логистика – маңызды күш: депутат Маңғыстаудағы жобаларға тоқталды
30.10.2026, 08:21
39 жерден пышақтаған: Алматыда сүйіктісін өлтірген экс-полицей 18 жылға сотталуы мүмкін
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды