Күдікті 1994 жылы дүниеге келген
Алмалы аудандық полиция басқармасының өкілдері төбелес кезінде қару қолданды деген күдікпен тағы бір жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Күдікті – 1994 жылы туған С. есімді азамат. Ол қарсыласы 37 жастағы Ж. есімді ер адамның аяғына пышақ сұққан. Содан соң қылмыс орнынан қашып кеткен. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр, - дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Еске салайық, 3 маусым күні кафеден шыққан алматылықтар арасында төбелес болған. Төбелес кезінде пышақ пен травматикалық қару қолданылған. Салдарынан екі адам жарақат алды, оның бірі - көшеде кетіп бара жатқан кездейсоқ жолаушы.