67 жастағы әйел ісіне өкініп, кінәсін мойындаған
Семей қаласында үй жануарын жуан шынжыр арқылы ағашқа асып өлтірген адам 67 жастағы зейнеткер әйел болып шықты. Қазір полиция осы іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«КТК» телеарнасының мәліметіне сүйенсек, ит осы зейнеткердікі. Жуан шынжыр арқылы ағашта асылып тұрған итті көрген қала халқы жағасын ұстап, құзырлы органдарға жүгінген еді.
«Полиция бірден иттің иесін іздеуге кірісіп, 67 жастағы әйелді анықтаған. Ол кінәсін мойындаған, бірақ итті неге сонша қинап өлтіргенін айта алмаған. Оның ісі енді сотта қаралады», - деп хабарлайды телеарна.