21.04.2025, 16:59
Оқиғалар
Көліктің сау-тамтығы қалмаған: БҚО-да екі оқушы ұл қорқынышты жол апатынан қаза тапты
Оқиға бүгін таңғы 11.00 шамасында болды
Фото: скрин
БҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Переметное – Белес» автожолында Jac N56 пен «ВАЗ-2110» автокөліктері соғысқан. Жеңіл көлікте 2008 және 2010 жылы туған екі оқушы отырған. Кейбір дереккөздер олардың ата-анасынан рұхсат сұрамай, көлікті айдап кеткенін айтып жатыр.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, мұндай жағдайлардың алдын алуға шақырады», - деп хабарлады полициядан.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды