Бұл туралы қалалық полиция хабарлады
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде оқушы қыздар бір-бірін талдырып ойнаған. Полиция осы оқушыларды тізімге алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полицияның бізге берген ақпаратына сүйенсек, оқушылардың жеке бастары түгел анықталған.
«Әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жіберетін құжаттарды дайындап жатырмыщ. Бәрі тізімге алынады», - деп хабарлайды полиция.