Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары аса ауыр жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді
Параны алушыға да, беруші де де қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша Қарасай ауданы әкімінің орынбасары мен ЖШС өкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Олар Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы шамамен 660 млн теңге (656 075 430 теңге) болатын 2-кезекті құрылыс нысанын салуда жалпы қамқорлығы үшін ЖШС өкілінен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарт сомасынан шамамен 33 миллион теңгеге жуық (32 543 424 теңге) аса ірі көлемде пара алуда және беруде күдікке ілінді», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шешеді.