Ақмолада құтқарушы белшесінен суға кіріп, тоқтың жібін алып шыққан (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қалқұтан өзені тасыған кезде жарық беретін екі баған құлап кеткен еді

Фото: скриншот

Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасып, жол бойындағы бағандар құлап қалған. Осы оқиғаның салдарынан Ягодное ауылы жарықсыз қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауылға тез арада жарық беру үшін құтқарушы белшесінен суға кіріп, астынан электр желісін тауып алған.