$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2020, 21:46
Оқиғалар

Жаппай төбелес: СҚО-да кен байыту комбинатында 10 адам жарақаттанды

Адамдар «Тиолайн» серіктестігінің аумағында төбелескен

Жаппай төбелес: СҚО-да кен байыту комбинатында 10 адам жарақаттанды
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданының «Тиолайн» серіктестігінде жаппай төбелес болып, 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Төбелестің себебі - құрылтайшылар кен орнындағы табысты бөлісе алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 маусым күні Тайынша АПБ кезекші бөліміне «Тиолайн» ЖШС серіктестігінің кіре берісіне көлікпен 30 шақты адамның келгені, олардың күш көрсетіп, өндіріс орнының аумағына өтпек болғандығы жайында хабар түскен. Шұғыл түрде тау-кен байыту комбинаты мүліктік кешенінің аумағына жедел-тергеу тобы жіберілген.

«Тиолайн» ЖШС-нің 7 құрылтайшыларының екеуі тау-кен байыту комбинатының аумағына кірмек болған. Олар Қарағанды қаласындағы күзет агенттігіндегі өкілдерін ерте келіпті.

Тау-кен байыту комбинатының аумағына өтпек болған сәтте күзет агенттігі мен ұйым қызметкерлері арасында төбелес шыққан. Тайынша ауданының және Ақмола облысының емдеу мекемелеріне түрлі дене жарақаттарымен 10 адам жүгінген.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ, күзет агенттігі өкілдерінің өкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі де Қылмыстық кодектің бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 1994 және 1998 жылдары туған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

СҚО Полиция департаменті және облыстық прокуратура басшылығы серіктестік басшылығынан және жұмысшыларынан заңға сәйкес әрекет етіп,  кәсіпкерлік қызметтің құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етті.

«Тиолайн» ЖШС титан-цирконий құмын өндіру және байытумен айналысады. 2004 жылы тау-кен байыту комбинатының титан-цирконий рудасының кен орнына жақын маңға салынған «Тиолайн» ЖШС әділет органында тіркелген. Серіктестік басшылығында 7 құрылтайшы бар. Олардың біреуі заңды болса, қалғаны жеке тұлға ретінде жұмыс істейді.  

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары