Қызылордада баласы төртінші қабаттан құлап кеткен әйел 27 мың теңге айыппұл төлейтін болды
Абырой болғанда бала дін аман

Қызылорда қаласының мамандандырылған ауданаралық соты төртінші қабаттан құлап кеткен ананың ісін қарап, оған 27 524 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотта айтылған мәліметке сүйенсек, бала төртінші қабаттан үшінші қабаттағы үйдің балконына құлап кеткен. Абырой болғанда, баланың тек денесі көгерген.
«Баланың анасы кәмелет жасына толмаған адамды қорғау жөніндегі міндетін дұрыс орындасаған. Сотта сөз сөйлеген әйел әкімшілік құқық бұзу туралы хаттаманың мәтінімен келісетінін, болған жағдайға өкінетінін және бұндай жағдай енді қайталанбайтынын айтты», - деп хабарлаған сот.
Осы айтылғандарды ескере келе сот әйелді Әкімшілік құқық бұзу жөніндегі кодекстің 127 бабын бұзды деп танып, оған 27 524 теңге айыппұл салған.