Көшенің ортасына жатып, саусағын шошайтқан - Атырауда бір әйел жол қозғалысын қиындатқан (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Желідегілер әйелдің мас күйде немесе психологиялық жағдайы тұрақсыз болуы мүмкін деген болжам айтып жатыр 

Фото: скриншот

Атырауда әйел адам жол қозғалысына қауіп төндірді. Ол қаладағы орталық көшелердің біріне шалқалап жатып, өтіп бара жатқан жүргізушілер мен адамдарға саусағын шошайтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақпарат atyrauoil.official паблигінде тарады.

Оқиға күндіз болған. Куәгерлердің айтуынша, көліктер тоқтап, қозғалыс біраз уақытқа қиындаған. Жүргізушілер әйелді соғып алмау үшін жылдамдықтарын баяулатуға мәжбүр болған.

Әйелдің бұл әрекетінің себебі әзірге белгісіз.