Алматы әуежайындағы қызметкер қызды шашынан жұлып, кепілге алған адамның соты басталды

Автор: Бақыт Шынар

Оқиға биыл 7 наурыз күні болған

Биыл 7 наурыз күні Алматы әуежайында қызметкер қызды шашынан жұлып, кепілге алған Машрапбек Баратовтың соты басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл қылмыстық істі Түркісіб ауданының соты қарайды. 67 жастағы Машрапбек Баратов бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзған еді. Бұл жолы оған Қылмыстық кодекстің бір емес, үш бабы бойынша қозғалған.

Еске салсақ, 7 наурызда Алматы әуежайында суық қару ұстаған азамат қызметкерлердің бірін кепілге алған еді. Кейін оқиға орнында болған азамат Мұса Әбдірайымов бойжеткеннің орнына өзі кепілге түсіп, кейін әлгі адамның қолынан пышақты жұлып алған еді.