$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ералы Тоғжанов Ақмола облысындағы су басқан Бұланды ауданын аралады

Су тасқынының салдарынан ауданда бірқатар жолдар бұзылған

Ералы Тоғжанов Ақмола облысындағы су басқан Бұланды ауданын аралады
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов премьер Олжас Бектеновтің тапсырмасына байланысты Ақмола облысы Бұланды ауданына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауданды аралауға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов тар барған. Олар Макинск қаласындағы су тасқыны қаупі бар барлық аумақты аралаған.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қазір Макинск қаласында су тасқынының салдарын жою үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Ауданға Көкшетау, Қарағанды, Астана және Атбасар қалаларынан келген құтқарушылар тартылған.

«Қазір Макинск қаласының 12 учаскесінде жұмыс жүріп жатыр. Барлығы 319 адам, 86 техника, 30 мотопомпа, 5 ПНС және 2 жүзу құралы тартылған», - деп хабарлайды әкімдіктің сайты.

Серіктес жаңалықтары