$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да тоқсанға жуық бала аудан әкімінің кесірінен мектепке бара алмай жүрген

Іске прокуратура араласқан соң мәселе шешілген

БҚО-да тоқсанға жуық бала аудан әкімінің кесірінен мектепке бара алмай жүрген
Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында өз ауылында мектебі жоқ тоқсанға жуық бала әкімдіктің кесірінен жақын маңдағы елді мекендерге автобуспен барып, білім ала алмай жүрген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бұл іске тікелей Ақжайық ауданының әкімі жауапты болған.

«Автомобиль көлігі туралы» Заңға сәйкес аудандардың әкімдіктері шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлеп, бекітуі керек. Алайда, аудан әкімдігі Есенсай – Жазира - Тасоба, Ақсуат - Ақбұлақ, Ақсуат - Сахарный, Талап - Әтібек, Базаршолан - Баянтөбе сияқты бағыттарда бас-аяғы 88 бала үшін тасымал реттелемген», - деп хабарлайды прокуратура.

Прокуратураның аудан әкіміне енгізген ұсыныс негізінде тиісті қаулы қабылданып, балалар мектепке автобуспен баратын болды.

Серіктес жаңалықтары