02.04.2025, 12:30
Оқиғалар
Елімізде қанша мопед тіркелді - ІІМ орынбасары мәлімет берді
Жүргізушілерге 5 сәуірге дейін уақыт берілген
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Бүгінге дейін еліміз бойынша 18 200 мопед тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, былтыр 22 мың мопед жүргізушісіне куәлік берілген, ал биыл олардың саны 2500.
«Бесінші сәуірге дейін аз уақыт қалды. Біз тіпті келген кісілер тіркеліп үлгеріп қалсын деген ойменен ХҚКО-лардан жұмыс уақытын ұзартуды сұрадық. Одан кейін тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады», - деді ол.
Еске салайық, Қазақстанда 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде көліктермен бірдей етіп теңестіріледі. Сол үшін оларды тіркеу қажет.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды