$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана мен Қосшыдағы жоқ үйлердің иллюзиясына сенген 5 мың адам оңбай алданды (ВИДЕО)

ҚМА тағы бір қаржы пирамидасының жұмысын тоқтатты

Астана мен Қосшыдағы жоқ үйлердің иллюзиясына сенген 5 мың адам оңбай алданды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Павлодар қаласында құрылған «HAS» қаржы пирамидасын ұйымдастырған бес адам 6-12 жыл аралағына сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы мониторинг агенттігінің ақпаратына сүйенсек, олар өздерін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстырған. Азаматтардан жалған инвестицияларға ақша тартып, ай сайын қомақты қаржы алып отырасыз деп уәде берген.

«Халықты сендіру үшін әлеуметтік желілерде жалған акциялар туралы жарнаманы көбейткен. Оның ішінде Астана мен Қосшы қалаларында тұрғын үй салу туралы ақпарат таралған. Үй салынып жатыр деген иллюзияға сендіру үшін декорация мен арнайы техниканы жалға алған», - деп хабарлайды ҚМА.

Осылайша, жоқ үйдің иллюзиясына сенген 5 мыңнан астам адам осы қаржы пирамидасына ақшаларын салып, алданған. Сот қаржы пирамидасын құрып, бес мың адамды сан соқтырған бес адамның әрқайсысын 6 жылдан 12 жылға дейін соттады.

«Сонымен қатар, зардап шеккендерге келген зиянды өтеу мақсатында салымшылардың 1 миллиардтан астам теңгесіне алған  4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат және есепшоттардағы ақша тәркіленген», - деп хабарлайды ҚМА.

Серіктес жаңалықтары