Түркістанның жол полициясы шетелдік блогерлерді алдап соғып, 200 мың теңге пара алған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Беларусь елінен келген блогерлерді Сайрам-Шымкент тас жолында жол полициясы тоқтатып, «техникалық тексеруден өтпегенсіздер» деген сылтаумен 200 мың теңге пара алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның тоқтатқан сәтін видеоға түсірген блогерлер оқиғаны баяндап берген.

«Полиция біздің құжатымызды тексерді, бәрі дұрыс болды. Жол ережесін бұзған жоқпыз. Бірақ, «Қазақстанның техникалық тексеруі жоқ» деп шекараға дейін ешкім тоқтатпауы үшін 200 мың теңге, яғни, 400 доллар сұрады», - дейді туристер.

Ал, Түркістан облысының полиция департаменті ешкім арызданбаса да қылмыстық іс қозғаған.

«Бұдан өзге біз тиісті қызметтік тексеру бастадық. Кінәлі адамдар заңға сай жазасын алады. Осындай жағдайлар енді қайталанбауы үшін патурльдік көліктерге деген бақылау күшейді», - деп жауап берген Түркістан облысының полиция департаменті.