31.03.2025, 17:28
Оқиғалар
Ақмола облысының мемлекеттік мекемесінен ақша жымқырған әйел ұзақ жылға сотталды
Сондай-ақ ол бұрынғы мекемеге 240 млн теңге қайтарып берген
Ақмола облысының Жарқайың ауданының соты мемлекеттік мекеменің бұрынғы бас бухгалтерін лауазымын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде ақша ұрлағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотталған әйел сондай-ақ мекемеге 240 млн теңге қайтарған.
«Оған коммерциялық және басқа ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынады», - деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады