$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бектенов жер сілкінісінен кейін Жамбыл облысына шұғыл түрде бір топ шенеунікті аттандырды

Жұмыс тобы аймақтағы жағдайды бақылау керек

Бектенов жер сілкінісінен кейін Жамбыл облысына шұғыл түрде бір топ шенеунікті аттандырды
Фото: istockphoto.com

Бүгін Жамбыл облысында екі рет жер сілкінген болатын. Осыған байланысты премьер-министр Олжас Бектенов аймаққа үкімет мүшелерінен құралған жұмыс тобын жөнелтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жұмыс тобын төтенше жағдайлар вице-министрі бастап барады.

«Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында орын алған жер сілкінісіне байланысты жергілікті атқарушы органдарға жағдайды талдау, жедел шаралар қабылдау, келген шығынды анықтау және бағалау мәселелерінде көмек көрсету үшін төтенше жағдайлар вице-министрі бастаған үкіметтік жұмыс тобы өңірге аттанды», - деп жазған үкіметтің баспасөз қызметі.

Бектенов ең алдымен әлеуметтік нысандары мен тіршілік үшін маңызды мекемелердің жұмысын тексеруді тапсырған.

????«Сонымен қатар премьер-министр нысандарды тексеру, шығындарды бағалау және деректерді жинау бойынша мобилді топтардың санын көбейтуді тапсырды», - деп хабарлайды үкіметтің сайты.

Серіктес жаңалықтары