$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жас жігіт биік үйден секірмек болған: полиция соңғы сәттің видеосын көрсетті

Оқиға бүгін, 28 наруызда болған

Астанада жас жігіт биік үйден секірмек болған: полиция соңғы сәттің видеосын көрсетті
Фото: скриншот

Астанада 20 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатына шығып алып, секірмек болған. Абыроц болғанда оқиға орнына шұғыл жеткен патруль қызметкерлері оны құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«28 наурыз күні таңертең полицияға жас жігіттің көпқабатты үйдің сегізінші қабатының карнизіне шығып тұрғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Жасұлан Қыздарбек, Фазыл Айболат, Сұмғат Назымбеков және Абзал Қадыров атты полиция қызметкерлері аттанды», - деп хабарлайды қалалық полиция.

Жасұлан Қыздарбектің айтуынша, олар оқиға орнына келгенде жігіт пәтерінің есігін құлыптап алған екен. Санаулы секунд ішінде полиция есікті бұзып, жігітті құтқарып қалған.

Полиция 20 жастағы жігітті полиция басқармасына апарып, кейін психологиялық көмек беру үшін полиция оны дәрігерлерге табыстаған.

➡️

Серіктес жаңалықтары