Бұл жолы Құлан ауданындағы жер дүмпуінің күші 4,4 баллға жеткен
Жамбыл облысы Меркі ауданында тағы да қуаты 5 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жер сілкінісінің кіндігі Қырғыз Республикасының аумағында болған.
«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ», - деп хабарлайды
Жамбыл облысының Меркі ауданында жер дүмпуінің қуаты 5 балл, Құлан ауылында 4,4 балл, Шу қаласында 2 балл, Төле би, Сарыкемер ауылдарында 2,5 балл болған.