Атырау облысында итті тұншықтырған ер адам көпшіліктен кешірім сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол үй жануарының тірі екенін айтты 

Видеодан кадр

Атырауда үй жануарын тоңазытшқыш есігімен түншықтырған ер адам қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол иттің тірі екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Мен Жұматаев Марғұлан, Атырауда Еркін ауылында тұрамын. Мен итке көрсеткен озбырлығым үшін өкінемін. Менің ондай әрекетке баруымның өзіндік себебі бар. Осыдан 3-4 күн бұрын үйге қызым келген еді, сол кезде итті шынжырынан босатқан едік. Ол болса, жылыжайдағы ата-анам өсірген көкөністерді таптап, целлофандардың бәрін тістелеп тастапты. Мен ішіп алған едім, содан итті мазақтай бастадым. Бірақ видеоға түсіріп тұрған адам мені тоқтатты. Ит қазір тірі, оны тексеру үшін ветеринарлар алып кетті. Мен атыраулықтар мен барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Мен өз ісім үшін өкінемін. Енді мұндай әрекет қайталанбайды», - деген ол бейнеүндеуінде. 

Еске салсақ, 31 мамыр күні әлеуметтік желіде ер адамдарды үй жануарларына  қатыгездік танытып жатқан видеосы тараған. Олардың бірінде қолында қаруы бар ер адам көлікке бара жатып, итті атады. Ал енді бірінде тоңазытқыш есігімен үй жануарын тұншқтырады. Полиция қызметкерлері екеуін де ұстағандарын мәлімдеді. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.