$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2020, 13:01
Оқиғалар

Бурабай кентінің экс-әкімі айуандықпен өлтірілген

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Бурабай кентінің экс-әкімі айуандықпен өлтірілген

Ақмола облысы Бурабай кентінің бұрынғы әкімі Шыңғысхан Темербеков айуандықпен өлтірілді, деп хабарлайды Azattyq ruhy тілшісі. Бұл ақпаратты марқұмның туыстары растаған.

Шыңғысхан Темербеков 23 мамыр күні Зеленый бор кентінде басынан ауыр соққы алып, 30 мамырда Бурабай аудандық ауруанасында көз жұмды.

«Күдікті – Щучинск қаласының тұрғыны, оның үстінен «Адам денсаулығына келтірілген ауыр залал» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 25 мамырда күдікті аталған қылмысты жасағаны үшін Бурабай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, кейін үй қамаққа жіберілді», - деді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Ал 30 мамырда жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс 106-баптың 3-тармағына ауыстырылды. Күдікті қайта уақытша ұстау абақтысына қамалған. Қазір аталған факт бойынша Бурабай аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Қылмыстық іс департамент басшысының қатаң бақылауында.

Серіктес жаңалықтары