Египетке демалуға барған 4 турист суға батып, көз жұмған

Автор: Темірхан Айжан

Туристердің бәрі Ресейден келген

Фото: Sindbad Submarines

Египетте 45 жолаушысы бар батискаф апатқа ұшырап, кемі 4 турист қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жағалаудан 1 шақырым қашықтықта «Синдбад» қонақүйіне тиесілі батискаф апатқа ұшырады. Батискафпен туристерді үнемі маржан рифтерін көрсетуге алып шығып тұрған», - делінген Ресейдің Бас консулдығының хабарламасында.

Экипаж мүшелерін қоспағанда, бортта 45 адам болған, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар бар.

Құтқарушылар туристердің көбін Хургада курортындағы қонақ үйлерге апарған. Олар денсаулығына шағымданбаған. Төрт адам көз жұмған, тағы бірнеше турист жоғалып кеткен.