Павлодарда бизнес-серіктесін үйінің алдында өлтіріп кеткен адам Ресейден табылды
Красноярск өлкесінен табылған күдікті жуырда елге экстрадицияланады

Бір ай бұрын, 2025 жылдың ақпан айында Павлодар қаласының тұрғыны бизнестегі серіктесін тұрғын үйдің ауласында өлтіріп, қашып кеткен. Павлодар прокуратурасының үйлестіруімен күдікті Ресей Федерацияның Красноярск өлкесінде қолға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстанның азаматы, бизнес серіктесін өлтіргені үшін күдікті ретінде жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды. Қылмыс биыл ақпан айында болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды», - деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Енді прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шара қабылдайды.