Есірткіге ұқсас өсімдік тектес зат Павлодар облысының түрмелерінің бірінен табылды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АП-162/4 мекемесінің қызметкерлері тұтқындарға туыстары табыстайтын сәлемдемелер арасынан тыйым салынған затты тапқан. Сәлемдемені Павлодар қаласының тұрғыны қатаң режимдегі нысан аумағына өткізбекші болыпты.
Ұрлық жасау қылмысы бойынша түрмеде отырған тұтқынға туысы аяқ киімге арналған губканың ішіне түйіншекті жасырып өткізу кезінде ұсталды.
Аталған іс бойынша Павлодар қаласының полиция бөлімшесі тергеу жұмыстарын бастады.