Қазақстанның қай облысындағы қалалар ауыз сумен нашар қамтылған

Автор: Бақыт Шынар

Дәл қазір Абай облысы мен Қостанай облысында жағдай нашар

Фото: istockphoto.com/Liudmila Chernetska

Абай облысының қалалары мен Қостанай облысының ауылдарындағы халыққа ауыз су жетпей отыр. Ал, жалпы, еліміздің 10 өңіріндегі тұрғындар таза ауыз сумен 100% қамтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, осы мақсат үшін 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген.

«Бірінші кезекте халықтың саны көп елді мекендерге қаражат бөлінді. 10 өңірдегі қала мен Маңғыстау облысының ауылдарында мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды. Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Абай облысында және Қостанай облысының ауылдарында байқалады», – дейді ол.

Оның айтуынша, биыл жұмыстарды жалғастыруға бюджеттен 410 жобаға 176 млрд теңге қарастырылған.

Тегтер: