Әскерилер Қостанай облысында су тасқынына қарсы шараларды күшейтті

Автор: Бақыт Шынар

Құтқарушылар Амангелді ауданын қардан тазалап жатыр

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлгінің қызметкерлері Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, қазір Амангелді ауданында әскерилер ауданның шетін нығайтып, өзен арналарын тазартып, су ағызып жатыр.

Сондай-ақ құтқарушылар мен әскери қызметкерлер Солтүстік Қазақстан облысында қаптарды құмға толтырып, өзен жағаларын бекітіп жатыр.