«Астана-Павлодар» тас жолын су басып жатыр: 200 тонна құм мен 800 қап дайындалды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы хабарлады

Фото: скриншот

«Астана-Шідерті-Павлодар-Үспен» тас жолының бойында бір шақырым аумақты су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы ақпарат таратып, видео ұсынып отыр. Дереккөзге сүйенсек, қар суы әзірге 100-150 метр жерді басқан. Дегенмен, сақтық танытқан құтқарушылар 200 тонна құм мен 800 қап дайындап қойған.

«Қазір жолдан көліктер кедергісіз өтіп жатыр, жағдай бақылауда», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.