Қазақстанда балалар күніне 5 рет қылмыс жасайды - Динара Зәкиева
Уәкіл ата-ананың қамқорлығын сезінбеген балалар қылмысқа көбірек барады дейді

Елімізде кәмелет жасқа толмағандар күніне 5 рет қылмысқа барады, олар көбіне әлімжеттік жасайды және ұрлыққа түседі. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көбіне ата-анасынан мейірім көрмеген, қамқорлық жетіспеген балалар қылмыс жасап жатады. Күнделікті өмірде зорлық-зомбылыққа куә болатын және өздері зорлық-зомбылыққа ұшарайтын балалар да бар. Осыған байланысты әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заңда алдын-алу шаралары қарастырылған. Мобильді топтар жағдайы төмен отбасыларды, қиын жағдайға тап болған, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқан отбасыларлды анықтайды. Маусым айында осындай 45 мың отбасы анықталып, 1800 отбасы сүйемелдеуге алынды», - деді ол.
Өңірлерде отбасыларды қолдауға арналған 112 орталық ашылған.