Президентке «сабақ алдық» деген ақпарат жеткен
Бүгін Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апаттар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Бұл – барлық салаға қатысты мәселе. Мысалы, солтүстікке көктем енді келіп жатыр. Қар еріп, елді мекендерді қарғын су басу қаупі туындайды. Былтырғы тасқыннан орталық та, жергілікті билік те тиісті қорытынды жасады деп ақпарат алып отырмын. Жаз шыққан соң өрт қаупі күшейеді. Табиғат апаттарының алдын алу, сақтану шаралары үнемі назарда болуы керек», - деді президент.