$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2020, 00:48
Оқиғалар

Алматының периметрі бойындағы блок-бекеттер алынды

Төтенше жағдай мен карантинге байланысты, қаланың айналасында 27 блок-бекет орнатылған еді

Алматының периметрі бойындағы блок-бекеттер алынды
Суретті ПД баспасөз қызметі ұсынды

Бұл блок-бекеттер елдегі төтенше жағдайға байланысты және Алматы қаласының карантинге жабылуына байланысты, 19 наурызда орнатылған еді.  Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, екі жарым ай бойы блок-бекеттерді 700 тәртіп сақшы күзеткен.

«Алғашқы күннен бастап әскери қызметшілер, әкімдік қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері блок-бекеттерде полициямен бірге қызмет етті. Жалпы, Алматыда карантин кезінде төтенше жағдайды бұзған 2200-ден астам адам тіркелсе, олардың үштен бірі блок-бекеттерде ұсталған.  Жалпы, екі ауысыммен бекеттерді 700-ге жуық полиция қызметкері күзетті», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков физикалық және моральдық тұрғыда бар ауыртпалыққа төзген жауынгерлерге алғыс айтып, ерен еңбектерін ерекше атап өтті.

Осылайша, түнгі сағат 00:00-ден бастап, Алматы қаласының жан-жағындағы  шектеу шешілді.

Серіктес жаңалықтары