$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы қылмыстың 40 пайызын басқа қаладан келгендер жасайды – прокуратура

Бұл туралы үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болған

Алматыдағы қылмыстың 40 пайызын басқа қаладан келгендер жасайды – прокуратура
Фото: Алматы прокуратурасы

Алматыдағы барлық қылмыстардың шамамен 40 пайызын басқа қаладан келгендер жасайтыны, Алматы облысындағы қылмыстардың 25 пайызын түрлі өңірлерден келген адамдар жасайтыны анықталды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы мен Алматы облысында өткен үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үйлестіру кеңесінің отырысында екі өңірдің прокурорлары Серік Кәріпбеков пен Берік Адамов қатысқан.

«Осындай форматта бірінші рет өтіп отырған бұндай кездесу қылмыстың алдын алуға бағытталған. Алматыдағы барлық қылмыстардың шамамен 40 %-ын басқа қаладан келгендер жасайтыны, Алматы облысындағы қылмыстардың 25 %-ын түрлі өңірлерден келген адамдар жасайтыны анықталды. Қылмыстылық деңгейін төмендетуге бағытталған алдын-алу шараларының кешенін қамтитын 2025 жылға арналған криминогендік жағдайды жақсарту жөніндегі бірлескен жоспар ұсынылды», - деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #қоғам