Шетел нөмірлі көліктерге полиция бір жылда 2 млрд теңгеге жуық айыппұл салған

Автор: Темірхан Айжан

Жүргізушілер 125 мың 348 рет жол ережесін бұзған 

Фото: freepik.com

Бір жылдың ішінде шетел нөмірімен жүрген көлік жүргізушілері 1 млрд 722 млн 752 мың теңге айыппұл төлеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның 969 млн 344 мың теңге мемлекеттің пайдасына өндірілген.

Шетелдік нөмірмен тіркелген көлік жүргізушілері бір жылда 125 348 рет ереже бұзған, ал 2025 жылдың алғашқы екі айында 30 811 рет тәртіп бұзушылыққа барған.

Жыл басталғалы осы жүргізушілер 427 млн 218 мың теңге айыппұл төлеп үлгірді, оның 130 млн 999 мың теңгесі өндірілді.