$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2020, 17:18
Оқиғалар

Алматы облысында Ресей азаматын аю талап өлтірді

Марқұм жолдастарымен бірге Тентек өзенінен балық аулауға барған

Алматы облысында Ресей азаматын аю талап өлтірді
Фото: ашық дереккөзден

Жантүршігерлік оқиға кеше, 30 мамыр күні тіркелген. Таңғы сағат 11.00 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылының полиция бөліміне ауыл шетіндегі тауда адамға аю тап бергені туралы ақпарат түседі. 

«30 мамыр күні 1979 жылы туған, бала кезінен бері Қазақстанда өмір сүрген, бірақ азаматтығы Ресей Федерациясына қарайтын В.В.Жеребятьев атты азамат өзінің достары – 1983 жылы туған С.Янковский, 1990 жылы туған Д.И.Янковский және 1984 жылы туған И.В.Янковскиймен бірге Лепсі тауының маңайындағы Тентек өзенінен балық аулауға кеткен. Бұл азаматтардың барлығы Лепсі ауылының тұрғындары. Балық аулап жүрген кезде Жеребятьев дала борсығын байқап, соның артынан тауға жүгіреді. Біраздан кейін С.Янковский Жеребятьевтің көмекке шақырған жан дауысын естіп, оның артынан тауға жүгіреді», - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

С.Янковский оқиға орнын жеткенде  В.Жеребятьевтің қансырап жерде жатқанын көреді. Сондай-ақ Янковский алыстап кеткен аюды да анық байқаған. Ал, аю талаған Жеребятьев өкінішке қарай, оқиға орнында жан тәсілім етті.

Серіктес жаңалықтары