11.03.2025, 14:50
Оқиғалар
Астананың қақ ортасында төбелескен екі жігіт 10 күнге қамалатын болды (ВИДЕО)
Әкімшілік сот олардың әрқайсысына осындай жаза тағайындаған
Фото: скриншот
Кеше, 10 наурыз күні Астана қаласы Айтматов көшесінің бойында жолға таласып, төбелесіп қалған екі жігіт енді 10 тәулік қамауда өткізетін болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы қаланың әкімшілік соты хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, екі жүргізуші бір-бірінен жол бермей, көшенің ортасында төбелес шығарды. Жүк көлігімен өтіп бара жатқан куәгер бұл көріністі түсіріп алған.
Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылар дер кезінде ұсталған.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады