Қазақстанда тағы 163 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде барлығы 5 220 адам COVID-19 вирусынан емделіп шықты

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының  таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 163 адамның жұқпалы аурудан сауығып шыққанын хабарлап отыр.

Осылайша,

Нұр-Сұлтан қаласында – 44,

Алматы қаласында – 60,

Шымкент қаласында – 15,

Атырау облысында – 8,

Қарағанды облысында – 8,

Ақтөбе облысында – 1,

Маңғыстау облысында – 12,

Жамбыл облысында – 3,

Қостанай облысында – 4,

Алматы облысында – 4,

Батыс Қазақстан облысында – 4 адам COVID-19 вирусынан жазылып шықты.

Жалпы, бүгінгі мәліметке сәйкес, 10 382 адам вирус жұқтырған. Олардың 38-і көз жұмды.