$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2020, 21:05
Оқиғалар

Шымкентте 75 жастағы әйел коронавирустан көз жұмды

Оның өлімі кеше, 29 мамыр күні тіркелген

Шымкентте 75 жастағы әйел коронавирустан көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

"29 мамырда коронавирус инфекциясынан Шымкент қаласында 1 адам көз жұмды. Ол 1945 жылғы азаматша. Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады", - деп хабарланған ведомствоаралық комиссияның ресми хабарламасында. 

Осылайша, Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен қаза тапқандардың саны 38 адамға жетті. 

Жалпы, Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың саны 10 382 адамға жетті. Аурудың өсімі 4,5%.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 89 (4,8%)

Шымкент қаласы – 51 (6,7%)

Атырау облысы – 44 (4,5%)

Қарағанды облысы – 41 (5,2%)

Алматы қаласы – 37 (1,5%)

Батыс Қазақстан облысы – 36 (6,6%)

Ақтөбе облысы – 34 (11,2%)

Қостанай облысы – 29 (21,3%)

Алматы облысы – 23 (7,1%)

Шығыс Қазақстан облысы – 17 (17,5%)

Қызылорда облысы – 16 (4,8%)

Түркістан облысы – 10 (2,8%)

Павлодар облысы – 8 (4,1%)

Маңғыстау облысы – 7 (3,2%)

Жамбыл облысы – 5 (1,4%)

Солтүстік Қазақстан облысы – 3 (5,9%)

Серіктес жаңалықтары